Бокс

Кличко Джошуа-Уайлдер арасындағы жекпе-жектің фаворитін атады

Аса ауыр салмақта үздік боксшылардың бірі болған Владимир Кличко Энтони Джошуа мен Деонтей Уайлдер арасындағы жекпе-жекте кімнің мерейі үстем болатынын айтты, – деп хабарлайды   Qsport.kz порталы Fightnews.info сайтына сілтеме жасап. 

Кличко IBO, IBF, WBA (Super) және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаға Деонтей Уайлдердің өте қауіпті қарсылас екенін айтып,  америкалық боксшының ерекшелігін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Бұл жекпе-жек Джошуа үшін өте қауіпті болады. Алайда бұл Энтони Уайлдерді жеңбейді деген сөз емес. Деонтейдің жұдырықтасу мәнері ерекше және өте жылдам. Бәлкім, оның техникасы айтарлықтай мықты емес шығар, бірақ оның жойқын соққыларының қай тұстан тигенін сезбей қалуың мүмкін», – деді Кличко.

Айта кетейік, Доентей Уайлдер соңғы жекпе-жегін Луис Ортисқа қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Ал Джошуа Джозеф Паркермен 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Америкалық боксшы WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы болса, Энтони Джошуа  IBO, IBF, WBA (Super) және WBO тұжырымдарының чемпионы. Ал Кличко соңғы жекпе-жегінде Джошуаға нокаутпен ұтылып, спорттық мансабын аяқтаған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс