Бокс

Димаш Ниязовтың кезекті жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Димаш Ниязовтың кезекті жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы Boxrec.com сайтына сілтеме жасап. 

28 сәуір күні Бруклинде өтетін бокс кешінде өнер көрсететін Димаш мексикалық Ангел Саринанаға  (7-7-2, 3 КО) қарсы жұдырықтасады. Джейкобс  Сулецки андеркартында сынға түсетін отандасымыздың жекпе-жегі жеңіл салмақта, 6 раундқа жоспарланған. Сондай-ақ бұл кеште Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов те өнер көрсетеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Димаш Ниязов шаршы алаңда 13 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол соңғы кездесуінде америкалық Аугустин Мауристі (6-4-3, 3 КО) техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс