Соңғы жаңалықтар

Спорттық жүрістен әлем чемпионатына қатысатындар анықталды

Спорттық жүрістен Қытайдың Тайцан қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер толығымен анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап. 

Әлем чемпионаты 5-6 мамырға жоспарланған. Қазақстан сапынан 8 спортыш барады. Ерлер арасында Батыс Қазақстан облысының тумасы Георгий Шейко мен алматылық Виталий Терехин өнер көрсетеді. Екеуі де 20 шақырымда бақ сынайды. 1999 жылдан бері туған бозбалалар арасындағы 10 шақырымдық жүрісте Ахмеди Кахраманов (ОҚО) барады.

Әйелдер арасындағы 20 шақырымдық қашықтықта Диана Айдосова (Алматы), Регина Рыкова (ОҚО, Галина Якушева (ШҚО) бар.

Бойжеткендер арасындағы 10 шақырымдық жүрісте 18 жастағы Екатерина Шлыкова мен 17 жастағы Валентина Залевскаяға сенім артылып отыр. Екі спортшы да Алматы қаласынан.

Айта кетейік, Геогрий Шейко биыл 18 наурызда Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Екатерина Шлыкова 7 сәуірде Чехияның Подебрады қаласында өткен халықаралық турнирде 10 шақырымдық жүрісте екінші орын алған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар