Бокс

Мурат Гассиев пен Александр Усик арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

Дүниежүзілік бокс сериясының финалында кездесетін Мурат Гассиев пен Александр Усик арасындағы жекпе-жек белгіленген күні өтпейтін болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

WBA мен IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік Мурат Гассиев пен WBC мен WBO тұжырымдарының чемпионы Александр Усик арасындағы 11 мамыр күні өтетін жекпе-жек кейінге шегерілді. Украиналық боксшы жаттығу барысында жарақат алып, жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Қос мықтының арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні нақты шешілген жоқ.

Айта кетейік, Мурат Гассиев шаршы алаңда 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 19 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Усик 14 кездесу өткізіп, 11 мәрте қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс