Ережесіз жекпе-жек

Мақсат Өміртаев «Эра чемпионов» турнирінде қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді

Мақсат Өміртаев аралас жекпе-жектен өткен «Эра чемпионов» халықаралық турнирінде ингушетиялық спортшыны нокаутпен ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ресейдің Тюмень қаласында өткен турнирде сынға түскен отандасымыз Ингушетия елінің өкіліне қарсы жекпе-жек өткізі. Жеңіл салмақта жұдырықтасқан Мақсат қарсыласы Амир Саттаровты алғашқы раундта ауыр нокаутқа жіберіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл отандасымыздың сегізбұрыштағы 3 жекпе-жегі болды.

Айта кетейік, Мақсат Өміртаев сегізбұрышта 2 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Ол екі кездесуінде де қырғыз спортшыларын қапы қалдырған. Сондай-ақ Өміртаев аралас жекпе-жек пен әскери самбодан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек