Бокс

Ермахан Ибрагимов: Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстың жұлдызына айналары сөзсіз

kfb.kz

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибрагимов жақында ғана кәсіпқой боксқа біржолата ауысқан Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы әлеуеті жайлы Qsport.kz порталына өз ойымен бөлісті. 

Даңқты боксшы Ермахан Ибрагимов Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы болашағы жарқын екенін айтып, әлем чемпионы атағына қол жеткізуге толық мүмкіндігі жететінін де атап өтті. Ол өз сөзінде: «Кәсіпқой босқа кейбір боксшылар Ұлттық құрамадағы бәсекелестікке төтеп бере алмағандықтан ауысып жатыр. Бірақ Жәнібек құрама сапындағы ең үздік боксшының бірі болды. Енді Әлімханұлы кәсіпқой бокста да жатпай-тұрмай тер төксе, кәсіпқой бокстың жарқын жұлдызына айналып, бағындармаған белестері қалмайды. Өйткені оның техникасы да, физикалық күш-қуаты да өте мықты. Жәнібек кәсіпқой бокста нағыз панчердің бірі болары сөзсіз», – деді Ермахан.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста 2 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс