Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «УЕФА кубогында» күміс жүлде еншіледі

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «УЕФА кубогында» екінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Kff.kz сайтына сілтеме жасап.

Армения астанасы Ереванда өткен турнирде Қазақстан құрамасы жақсы нәтижеге қол жеткізі. 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен «УЕФА кубогы» халықаралық турниріне Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет қатысып, екінші орынды иеленді. Отандастарымыз алғашқы ойында Армения құрамасын пенальти бойынша 4:3  есебімен ұтса, екінші ойында Кипрға 2:3 есебімен есе жіберді. Ал соңғы ойында Беларусь құрамасын қапыда қалдырды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының U-15 құрамы:

Қақпашылар: Оноприенко Константин («Астана»), Анарбеков Темірлан («Қайрат»);

Қорғаушылар: Серікбаев Әкімжан, Қайбар Диас, Лисин Александр (барлығы – «Астана»), Сатишев Асқар, Дихан Шынғыс, Ташметов Руслан (барлығы — академия «Оңтүстік»), Азатов Арсен, Широбоков Александр («Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Табиғат Айдос, Өтешев Әлихан, Дүйсембаев Дархан, Батырбаев Бақдаулет (барлығы – «Астана»), Кончиев Әсет, Жақсылық Мұсабек (екеуі де – «Оңтүстік»), Қалау Абзал, Кенжебек Ғалымжан (екеуі де – «Қайрат»);

Шабуылшылар: Рамазанов Алмаз («Қызыл-Жар СК»), Лавренюк Кирилл («Қайрат»)

Аға жаттықтырушы – Глевич Владимир Вениаминович, аға жаттықтырушының көмекшісі – Мұсабаев Ербол Дүйсенбайұлы,қақпашылардың жаттықтырушысы – Коночкин Александр Александрович. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар