Бокс

Қазақстандық боксшылар WBC тұжырымының жаңартылған рейтингінде жоғарлады

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар WBC тұжырымының жаңартылған рейтингінде жоғарлады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Wbcboxing.com сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік ең үздік тұжырымдардың бірі саналатын WBC-дің сәуір айында жаңартылған рейтингі жарияланды. Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген отандастарымыз жаңартылған рейтингте жоғарлаған. Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын Иса Ақбербаев 35-орыннан 33-орынға көтерілсе, жартылай ауыр салмақта сынға түсетін Али Ахмедов 27-орыннан 24-орынға жоғарлаған. Сондай-ақ жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Ержан Залилов та 2 сатыға жоғарылап, 37-орынға тұрақтаған. Ал жақында ғана спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеген Жанат Жақиянов жаңартылған рейтингте 11-орынға тұрақтаған.

 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс