Ережесіз жекпе-жек

Еркін Дәрменов Berkut Young Eagles Grand Prix турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Еркін Дәрменов Berkut Young Eagles турнирінде қарсыласын 30 секундта нокаутқа жіберді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Еркін Шешенстанның Грозный қаласында өткен Berkut Young Eagles  Grand Prix турнирінің 1/8 финалында жергілікті спортшыға қарсы жұдырықтасты. 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін отандасымыз Ахмед Магомадовты (2-2) 30 секундта нокаутқа жіберіп, келесі кезеңге жолдама алды. Енді Еркін 1/4 финалда Казим Туменовқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Berkut Young Eagles Grand Prix турнирінде әр салмақта 16 спортшыдан қатысып жатыр. Бұл додада жеңіске жеткен спортшы АСВ тұжырымымен келісімшартқа отыруға мүмкіндік алады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек