Бокс

«Астана арландары» «Қытай айдаһарларын» айқын басымдылықпен ұтты

Астана арландары ширек финалда

Бүкіләлемдік бокс сериясының топтық кезеңі барысында жекпе-жек өткізген «Астана арландары» «Қытай айдаһарларын»  айқын басымдылықпен ұтты, – деп хабарлайды   Qsport.kz  порталы.

Тараз қаласында «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» қарымта кездесу өткізіп, жекпе-жек «Арландардың» жеңісімен аяқталды. Бұл дүбірлі додада сынға түскен барлық боксшыларымыз қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, «Қытай айдаһарларын» екінші мәрте тас талқан етіп жеңді. 52 келі салмақта  сынға түскен Сәкен Бибосынов Жанг Гуоны оңай ұтса, 60 келідегі Әлімжан Бескемпір Уи Фенгке еш мүмкіндік бермеді. Ал 69 келіде өнер көрсеткен Асланбек Шымбергенов Хайшаер Тахимаймайтидің мысын оңай басса,  81 келіде сынға түскен Бек Нұрмағанбет қарсыласы Жежарибу Зенгті нокаутқа жіберді. Аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Нұрсұлтан Аманжолов та  Эвандерс Сербутстан бір бас жоғары екенін көрсетіп, «Арландарға» 5-жеңісті сылады.

Айта кетейік, «Астана арландары» «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізген алғашқы кездесуінде айқын басымдылықпен жеңіске жеткен болатын.  

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс