Бокс

Бек Нұрмағанбет «Қытай айдаһарлары» боксшысын нокаутқа жіберді

Бүкіл әлемдік бокс сериясының топтық кезеңі барысында жұдырықтасатын «Астана арландары» құрамасының мүшесі Бек Нұрмағанбет Жежарибу Зенгті нокаутпен ұтты, – деп хабарлайды   Qsport.kz  порталы.  

«Астана арландары» құрамасының мүшесі Бек Нұрмағанбет «Қытай айдаһарлары» сапындағы Жежарибу Зенгті нокаутқа жіберді. 81 келі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз қытайлық боксшыға алғашқы раундтан бастап жойқын соққыларын дөп тигізіп,  Жежарибу Зенгті сұлатып түсірді. 

Айта кетейік, «Астана арландары» «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізген алғашқы кездесуінде айқын басымдылықпен жеңіске жеткен болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс