Бокс

«Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Бүкіләлемдік бокс сериясының топтық кезеңі барысында жекпе-жек өткізетін «Астана арландары» мен  «Қытай айдаһарлары»  ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды   Qsport.kz  порталы.  

14 сәуір күні өтетін дүбірлі додада сынға түсетін «Астана арландары» мен  «Қытай айдаһарлары» салмақ өлшеу рәсіміне түсіп, көз арбасты. Таразда өтетін бокс кешінде еліміздің атынан 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов Жанг Гуоға қарсы жұдырықтасса, 60 келіде Әлімжан Бескемпір мен Уи Фенг, 69 келіде Асланбек Шымбергенов пен Хайшаер Тахимаймайти,  81 келіде Бек Нұрмағанбет пен Жежарибу Зенг кездеседі. Ал аса ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов Эвандерс Сербутсқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, «Астана арландары» «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізген алғашқы кездесуінде айқын басымдылықпен жеңіске жеткен болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс