Ережесіз жекпе-жек

Айбек Нұрсейіттің келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Айбек Нұрсейіттің келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Аралас жекпе-жектен Қытайда өткен WBK тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласып, ақтық айқаста қандас бауыры Ғабит Тұрсынбекке соққы жұмсамаған Айбек Нұрсейіттің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды. Бұл туралы спортшы Qsport.kz порталының тілшісіне айтып берді. Ол өз сөзінде: «Қазір, кезекті жекпе-жегіме дайындығымды пысықтау үшін оқу-жаттығу жиынын өткізіп, физикалық тұрғыдан әлеуетімді арттырдым. Алла қаласа, келесі кездесуімді 5  мамыр күні Әзірбайжан астанасы Баку қаласында GEFC (Grand European Fighting Championship) тұжырымы бойынша өтетін жарыста өткіземін», – деді Айбек. 

Айта кетейік, Айбек аралас жекпе-жектен кәсіпқойлар арасындағы алғашқы кездесуін 2016 жылы бастаған болатын. Отандасымыз Франция елінің тәжірибелі спортшысы Майкл Дубойсты техникалық нокаутпен ұтқан болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек