Бокс

Қанат Ислам бастаған қазақ боксшылары «Астана арландарына» сәттілік тіледі

Америкада көк туды желбіретіп жүрген Қанат Ислам бастаған кәсіпқой боксшылар «Астана арландарының» алдағы «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізетін қарымта кездесуіне сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы «Астана арландарының» инстаграммдағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Қанат Ислам, Мадияр Әшкеев пен Сағадат Рахманқұл «Астана арландарының» боксшыларына сәттілік тілеп, қолдау көрсетті. Олар өз сөздерінде: «Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! «Араландардың» алдағы жекпе-жегіне барлығымыз қолдау көрсетеміз. Қазақ елінің көк туын бірге көтерейік, алға «Арландар», – деді боксшыларымыз.

Айта кетейік, «Астана арландары» «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізген алғашқы кездесуінде айқын басымдылықпен жеңіске жеткен болатын. Ертең Тараз қаласында қарымта кездесу өтеді.

 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс