Бокс

Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегінің мерзімі анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Кәсіпқой бокста жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген Батыр Жүкембаев алдағы жекпе-жегін мамыр айының соңына таман өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы кәсіпқой боксшы инстаграммдағы ресми парақшасында жария етті. Ол өз сөзінде: «Алла қаласа, келесі жекпе-жегім 26 мамыр күні өтеді. Алға, Қазақстан», – деді Батыр.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, 10 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Батыр соңғы кездесуінде мексикалық Ное Нунезді 30 секундта ұрып сұлатқан болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс