Ережесіз жекпе-жек

UFC президенті: Мейвезер-МакГрегор жекпе-жегі үшін ешқандай ереже өзгермейді

UFC президенті Дана Уайт Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасындағы кездесуді өткізу үшін аралас жекпе-жектің ережесіне ешқандай өзгерту енгізбейтінін айтты, — деп хабарлайды   Qsport.kz порталы Fightnews.info сайтына сілтеме жасап. 

Бокстан бірнеше салмақта әлем чемпионы болған кіші Флойд Мейвезер UFC тұжырымдағы дебюттік жекпе-жегін өткізу үшін ММА ережесіне өзгертулер енгізілетінін Дана Уайт жоққа шығарды. Ол өз сөзінде: «Бұл ешқандай да шындыққа жанаспайды. Өмірімде осындай ақылға сыймайтын дүниені бірінші рет естіп тұрмын», – деді Дана. 

Айта кетейік, кіші Флойд Мейвезер спортқа оралса, тек аралас жекпе-жекте өнер көрсету үшін оралатынын  айтқан болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек