Бокс

Билли Джо Сондерс: Мені тек Головкинмен болатын жекпе-жек қызықтырады

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкиннен басқа ешқандай жекпе-жектің қызықтырмайтынын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Sports.ru сайтына сілтеме жасап. 

Орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі Билли Джо Сондерс WBC, WBA Super, IBF, IBO  тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) ғана жұдырықтасқысы келетінін айтты. Ол өз сөзінде: «Мені тек Головкинмен болатын жекпе-жек қызықтырады. Одан басқа ешқандай қарсыластар қызық емес. GGG-мен жұдырықтасқым келеді. Ол да менімен кездескісі келетінін айтып, барлық чемпиондық белбеуді иеленгісі келетінін айтқан. Менде дәл солай болғанын қалаймын. Бұл жекпе-жекке сақадай саймын» , — деді Билли.

Айта кетейік, Билли Джо Сондерс 23 маусым күні Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізеді. Ал Головкиннің 5 мамыр күні өткізетін жекпе-жегі болмай қалуы мүмкін. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс