Басқалары

Дәулет Шабанбай Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Дәулет Шабанбай АҚШ елінде өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Еркін күрестен Ұлттық құрама балуандары АҚШ-та өткен әлем кубогына қатысып, командалық сайыста сәтсіз нәтиже көрсеткен болатын. Бұл додаға әлемнің үздік 8 командасы сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтаған еді. Командалық сайыста сәтсіздікке ұшыраған балуандарымыз жекелей сында әжептеуір нәтижеге қол жеткізді. Аса ауыр салмақта белдесетін Дәулет Шабанбай үш белдесудің барлығында жеңіске жетіп, Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Әлем кубогы АҚШ-тың Айова сити қаласында өтті. Бұл жарысқа көбіне жас балуандарымыз барған болатын. Ал Әзірбайжан, Куба, Үндістан, АҚШ, Жапония, Грузия, Маңғолия сынды елдер өздерінің ең мықты балуандарын қатыстырды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары