Ережесіз жекпе-жек

Асылжан Бақытжанұлының АСВ 86 турниріндегі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Асылжан «САҚ» Бақытжанұлының кезекті жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АСВ тұжырымымен үш жекпе-жекке келісімшартқа отырған отандасымыздың екінші жекпе-жегін АСВ 86 турнирінде өткізеді. Асылжан бұл додада дағыстандық Муслим Магомедовпен (2-0) жұдырықтасады. 5 мамыр Мәскеу қаласындағы «Олимпийский» спорт кешенінде өтетін дүбірлі додада отандасымыз рейтингтегі үздік үштікте тұрған спортшылармен кездесу керек болған. Алайда ол спортшылардың барлығы Асылжанмен кездесуден бас тартты. 

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы АСВ тұжырымдағы соңғы кездесуінде үздік бестікте тұрған Муслим Махмудовты техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атаққа бірден-бір үміткер екенін дәлелдеген болатын. Сондай-ақ бұл кеште Арман «Сұңқар» Оспанов Акоп Степанянға қарсы жекпе-жек өткізеді. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек