Ережесіз жекпе-жек

Роналду Хабиб Нурмагомедовты UFC чемпионы атануымен құттықтады

Әлемнің ең үздік футболшысы Криштиану Роналду UFC 223 турнирінде жеңіске жеткен Хабиб Нурмагомедовты чемпион атануымен құттықтады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

UFC 223 турнирінде америкалық Эл Яквинтамен сынға түсіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанған Хабиб Нурмагомедовты (26-0) Криштиану Роналду жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Нурмагомедов айтып берді. Ол өз сөзінде: «Роналдумен жекпе-жекке дейін де, жекпе-жектен кейін де сөйлестік. Маған сәттілік тілеп, жеңіске жеткеннен кейін, сенің чемпион атанғаныңа шын жүректен қуаныштымын», – деді Роналду.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Ресей елінің тарихындағы Олег Токтаровтан кейін UFC чемпионы атанған екінші спортшы болды. Ол бұл жекпе-жек үшін 530,000 АҚШ долларына ие болды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек