Ережесіз жекпе-жек

Хабиб Нурмагомедов: Чемпиондық белбеу мені өзгерткенін қаламаймын

UFC 223 турнирінде  америкалық Эл Яквинтаға қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіл салмақтағы UFC тұжырымының чемпионы атанған Хабиб Нурмагомедов чемпиондық атақтың өзін өзгерткенін қаламайтынын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Дағыстандық аралас жекпе-жек майталманы UFC 223 турниріндегі жеңісінен кейінге болған баспасөз мәслихатында UFC чемпиондық атағы қарапайым кейіпінен өзгерткенін қаламайтынын айтты. Ол өз сөзінде: «Шынымды айтсам, чемпион атанғаныма әлі сене алар емеспін. Бірақ қазір барлық жерде мен туралы айтып жатыр. Мен бұл жетістікке жету үшін ұзақ және ауыр жолдардан өттім. Әрине, мен өте қуаныштымын. Бірақ ертең не болатынын ешкім білмейді, сондықтан әрқашан өзіңнің командаңа адал болып, солардың жанында болуың керек. Чемпиондық атаққа қол жеткізіп, көпшіліктің назарында болып, сондай-ақ қыруар қаражатқа қол жеткізген спортшылар өзгере бастайды. Өзіне тең келетін спортшы жоқтай сезінеді. Ал мені чемпиондық белбеудің өзгерткенін қаламаймын. Чемпион болғанға дейін қандай болсам, бұл атақтан кейін де сол қарапайым қалпымда қалғым келеді», – деді Хабиб.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Ресей елінің тарихындағы Олег Токтаровтан кейін UFC чемпионы атанған екінші спортшы болды. Ол бұл жекпе-жек үшін 530,000 АҚШ долларына ие болды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек