Ережесіз жекпе-жек

Мейвезер-МакГрегор жекпе-жегін өткізу үшін ММА ережесіне өзгертулер енгізеді

Бокстан бірнеше салмақта әлем чемпионы болған кіші Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесуді өткізу үшін аралас жекпе-жектің ережесіне өзгертулер енгізеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы Championat.com сайтына сілтеме жасап. 

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер UFC тұжырымдағы дебюттік жекпе-жегін өткізу үшін ММА ережесіне өзгертулер енгізілетін болды. Бұл туралы белгілі спорт журналисті, промоутер Омар Аль Раиси өзінің твиттердегі парақшасында жариялады.  Ол өз сөзінде: «Мейвезер-МакГрегор арасындағы жекпе-жекті өткізу үшін аралас жекпе-жектің ережесіне өзгерту енгізіледі. Олар 70 келі салмақта, 5 минуттан 5 раунд жұдырықтасады. Сондай-ақ жекпе-жек барысында шынтақпен ұруға, тізе және аяқпен тебуге, күресуге рұқсат етілмейді», – деді Омар.

Айта кетейік, кіші Флойд Мейвезер спортқа оралса, тек аралас жекпе-жекте өнер көрсету үшін оралатынын  айтқан болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек