Басқалары

Ресейдің атақты бапкері Сметовты теңдесі жоқ балуанға теңеді

Эдуард Базров Елдосты Екатеринбургтағы додаға 2 ай дайындаған

Ресейлік атақты балуан, білікті бапкер Эдуард Базров қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовты әлемдегі теңдесі жоқ балуанға теңеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Олимпиада және әлемнің бірнеше дүркін чемпионы  Хаджимурат Гацаловпен бірге еркін күрес академиясының аға жаттықтырушысы қызметін атқарып жүрген Эдуард Базров Qsport.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында Елдос Сметовты теңдессіз балуан екенін айтып, таңданысын жасырмады. Ол өз сөзінде: «Елдосты Екатеринбургтағы додаға екі ай дайындадым. Мен көптеген спортшыларды физикалық тұрғыдан дайындап, әлеуетін арттырып жүрмін. Дегенмен екі ай дайындық барысында Елдостың әлемдегі теңдессіз балуандардың қатарына кіретініне көзім жетті. Аралас жекпе-жек, бокс, еркін күрес спортының біраз өкілдерін дайындадым, бірақ Сметовтей талантты спортшыны әлі кездестірмедім. Елдос талантынан бөлек, өте ақылды спортшы. Меніңше, Елдосты жақсылап баптаса, Токиода да, Парижде өтетін Олимпиада ойындарында да топ жаруы әбден мүмкін», – деді Эдуард. 

Айта кетейік, Эдуард Базров Ресей құрамасы сапында талай байрақты бәсекелерде топ жарып, әлемдік аренада атой салған балуан. Ол Ресей біріншілігіндегі сында атақты Біләл Маховқа ғана есе жіберіп, Әлем және Олимпиада ойындарынан тыс қалған. Ал Сметов Екатеринбургта өткен Grand Slam турнирінде қарсыластарын қоғадай жапырып, алтын жүлде еншілеген болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары