Бокс

Қанат Исламның салмағындағы әлем чемпионы Джарретт Херд Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның салмағындағы WBA, IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Джарретт Херд Головкинға қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, – деп хабарлайды   Qsport.kz порталы Fightnews.info сайтына сілтеме жасап. 

Кубалық  Эрисланди Лараны (26-3-2, 14 КО) жеңіп, WBA, IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған Джарретт Херд орта салмақтағы үздік боксшылармен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Ол өз сөзінде: «Ерте ме, кеш пе орта салмаққа ауысып, Головкин, Альварес сынды мықтылармен қолғап түйістіргім келеді. Сондай-ақ қомақты қаржы әкелетін жекпе-жек үшін Келл Брукпен де жұдырықтасуға дайынмын. Егер Лиам Смит Садам Алиді жеңсе, бүкіл белбеулерді иелену үшін онымен де жекпе-жек өткіземін», – деді Херд. 

Айта кетейік, WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы болған Эрисланди Лара IBF  тұжырымының чемпионы америкалық Джарретт Хердқа (21-0, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіліске ұшыраған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс