Бокс

Кубалық атақты боксшы Лара екі бірдей чемпиондық титулынан айырылды

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы кубалық  Эрисланди Лара (25-2-2, 14 КО) екі бірдей чемпиондық атағынан айырылды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның салмағындағы әлем чемпионы болған Эрисланди Лара IBF  тұжырымының чемпионы америкалық Джарретт Хердқа (21-0, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіліске ұшырады. Джаррет алғашқы минуттардан бастап жекпе-жектегі басымдылықты өз қолына алып, кубалық боксшының мысын басты. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін бокс кешінде жеңіске жеткен Джарретт Херд WBA, IBO және IBF  тұжырымдарының чемпионы атанды.

Айта кетейік, Қанат Ислам WBA тұжырымының жаңартылған рейтингінде 2-орында тұр.  Отандасымыз 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырған болатын. Ол Қанат Исламды тек үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты. Ал отандасымыз Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс