Бокс

Садриддин Ахмедов: Қазақ елінің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіндім

Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов алғашқы жекпе-жегі туралы өз ойымен бөлісті.

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жектегі жеңісінен кейін  Qsport.kz порталымен өз әсерімен бөлісті.

Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде қарсыласын 30 секундта ұрып сұлатқан Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов алғашқы жекпе-жегі туралы өз ойымен бөлісті. Ол өз сөзінде: «Аллаға шүкір, кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегімде осылай жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Дебютті жекпе-жек болғаннан кейін Қазақ елінің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіндім. Қазақстанның туын абыроймен көтеріп, елімнің мерейін үстем етсем деген ғана мақсат болды. Өйткені бұл бокс кешіне жиналған жанкүйерлердің қарасы көп болды. Төккен теріміздің жемісін көріп жатырмыз. Алла қаласа, ерінбей еңбек етіп, үлкен белестерді бағындыруды көздейміз», – деді Садриддин.

Айта кетейік, Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов өзінің дебюттік жекпе-жегінде Tони Баррерасты (1-1 1 KO) 30 секундта сұлатып түсірі.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс