Ережесіз жекпе-жек

Хабиб Нурмагомедов UFC чемпионы атанды

Хабиб Нурмагомедов әлемдегі ең үздік тұжырым саналатын UFC ұйымының чемпионы атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Дағыстандық аралас жекпе-жек майталманы Хабиб Нурмагомедов (26-0) UFC тұжырымының чемпионы атанды. UFC 223 турнирінде сынға түскен Нурмагомедов жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты америкалық Эл Яквинтамен сарап салып, 5 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің  шешімімен жеңіске жетті. Хабиб Ресей елінің тарихындағы Олег Токтаровтан кейін UFC чемпионы атанған екінші спортшы болды.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегінде Эдсон Барбозадан басым түскен болатын. Ал Яквинта сегізбұршта 16 жекпе-жек өткізіп, 13 рет жеңіске жеткен.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек