Бокс

Нұрзат Сабыров чехиялық қарсыласын нокаутпен ұтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрзат Сабыров қарсыласы Станислав Эшнерді нокаутпен ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Талантты былғары қолғап шебері Нұрзат Сабыров кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз Станислав Эшнерға (8-8-1, 5 КО) қарсы жұдырықтасып, чехиялық боксшыны 4 раундта нокаутпен жіберді.  

Айта кетейік, бұл Нұрзаттың шаршы алаңдағы 5 кездесуі болды. Отандасымыз барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған. Сондай-ақ бұл кеште сынға түскен Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс