Бокс

Садриддин Ахмедов қарсыласын 30 секундта нокаутқа жіберді

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын 30 секундта ұрып сұлатты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде жұдырықтасқан отандасымыз дебюттік жекпе-жегін жеңіспен бастады. Садриддин қарсыласы Tони Баррерасты (1-1 1 KO) 30 секундта ұрып сұлатып, кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов 69 келіде ел намысын қорғайтын Қазақстандағы ең үздік былғары қолғап шеберлерінің бірі. Отандасымыз 2016 жылы жастар арасында өткен әлем чемпионатында үш қарсыласын нокаутпен ұтып, ел қоржынына жалғыз алтын жүлдені салған болатын. Ахмедов шаршы алаңда 252 жекпе-жек өткізіп, 242 рет қарсыластарынан басым болған.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс