Бокс

«Астана арландары» «Қытай айдаһарларын» ойсырата ұтты

5:0

«Астана арландары» Бүкіл әлемдік бокс сериясының топтық кезеңі барысында «Қытай айдаһарларын» ойсырата ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Бүгін Қытай елінде өткен бокс кешінде «арландар» қарсыластарын 5:0 есебімен тас талқан етті.  «Арландар» сапында сынға түскен Теміртас Жүсіпов 49 келіде, Ильяс Сүлейменов 56 келіде, Бекдаулет Ибрагимов 64 келіде, Абілхан Аманқұл 75 келіде және 91 келідегі Антон Пинчук те қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді.

Айта кетейік, «Астана арландары» келесі кездесуін 14 сәуір күні Тараз қаласында «Қытай айдаһарларымен» қарымта кездесу өткізеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс