Ережесіз жекпе-жек

Диас Еренғайыпов WFCA турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Диас Еренғайыпов WFCA 47 турнирінде жұдырықтасып, қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Шешенстанның Грозный қаласында аралас жекпе-жектен өткен WFCA 47 турнирінде сынға түскен Диас Шамиль Ирасхановты қылқындыру әдісімен ұтты. Жеңіл салмақта сынға түскен отандасымыз «Ахмат» клубының спортшысынан бір бас жоғары екенін көрсетіп, жекпе-жекті 1 раундта-ақ аяқтады. 

Айта кетейік, Диас Еренғайыпов шаршы алаңда 8 жекпе-жек өткізіп, 7 кездесуде жеңіске жеткен.  Шамиль 5 кездесу өткізіп, 4 рет жеңіс тұғырынан көрінген. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек