Бокс

Батыр Жүкембаев қарсыласын 30 секундта ұрып сұлатты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев қарсыласы мексикалық Ное Нунезді 30 секундта ұрып сұлатты, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Мекскиалық Ноэ Нуньесті (24-5-1, 13 КО) 30 секундта сұлатып түсірген Жүкембаев шаршы алаңдағы 12 жеңісіне жетті. Сондай-ақ бұл кеште сынға түскен Абылайхан Құсайынов та Хильберто Месаны (8-3-1, 5 КО) төрешілер шешімі бойынша жеңіп, кәсіпқой бокстағы 8 жеңісіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Ол соңғы жекпе-жегін 16 желтоқсанда америкалық Уилберт Лопеске қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен. Ал Абылайхан Құсайынов шаршы алаңда 7 жекпе-жек өткізіп, 5 кездесуінде қарсыласын нокаутқа жіберген болатын

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс