Бокс

Хорхе Линарес: Ломаченконың соққысы менікіндей жойқын емес

WBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хорхе Линарес украиналық Василий Ломаченкоға қарсы алдағы жекпе-жегі туралы өз ойымен бөлісті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Sports.ru сайтына сілтеме жасап. 

Венесуэлалық былғары қолғап шебері Хорхе Линарес  (44-3, 27 КО) Ломаченкоға қарсы кездесу жайлы өз пікірін білдіріп, украиналықтың осал тұстарын да атап өтті. Ол өз сөзінде: «Василий өте  жылдам боксшы, бірақ оның соққысы менікіндей жойқын деп айта алмаймын. Ол жақын қашықтықта жұдырықтасқанды ұнатпайды. Маған дұрыс тактика қойып, әр раунд барысында ақылмен жұдырықтасу керек», – деді Линарес. 

Айта кетейік, Ломаченко-Линарес 12 мамыр күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында жұдырықтасатын болады. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс