Басқалары

Елдос Сметов Grand Slam турнирінде топ жарды

Отандасымыз ақтық сында жергілікті балуан Ислам Яшуевке екі вазари әдісін жасап, белдесуді уақытынан бұрын аяқтады.

Елдос Сметов Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жастар және ересектер арасындағы әлем чемпионы Елдос Сметов Екатеринбург қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде алтыннан алқа тақты. Отандасымыз ақтық сында жергілікті балуан Ислам Яшуевке екі вазари әдісін жасап, белдесуді уақытынан бұрын аяқтады.

Айта кетейік, бұл жеңіс Елдостың Рио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы ірі жеңісі. Отандасымыз осы уақытқа дейін, жарақатына байланысты біраз додалардан тыс қалып, сәтсіздікке де ұшыраған болатын.  

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары