Ережесіз жекпе-жек

Әділ Боранбаев Fight Nights Global 86 турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Әділ Боранбаев Fight Nights Global 86 турнирінде жұдырықтасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Алматы қаласында өтетін  Fight Nights Global 86 турнирінде Әділ Боранбаев та сынға түсетін болады. Fight Nights тұжырымында жұдырықтасатын отандасымыздың қарсыласы әзірбайжандық Нариман Аббасов(17-3) атанды. 70 келі салмақта сынға түсетін отандасымыз сегізбұрышта 10 жекпе-жек өткізіп, 7 кездесуінде жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Fights Nights Global 86 додасы 1 сәуір күні, Алматы Арена спорт кешенінде өтеді. Бұл доданың басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов пен Найсон Нэм арасында болады. Сондай-ақ бұл турнирде Ержан Естанов пен Расул Мирзаев бразилиялық джиу-джитсу бойынша жекпе-жек өткізетін болады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек