Басқалары

Елдос Сметов Grand Slam турнирінде сынға түседі

Елдос Сметов Екатерингбургта өтетін додада татамиге шығады

Елдос Сметов Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде белдеседі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Екатерингбургта өтетін додада татамиге шығады. Отандасымыз 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын болады. 17-18 наурыз күндері өтетін аталмыш турнирге Қазақстан құрамасынан 12 дзюдошы қатысады. 

Ерлер:
1.Елдос Сметов (60 келі)
2.Ғұмар Қырғызбаев(66 келі)
3.Жансай Смағұлов (73 келі)
4.Бекжан Абдуалиев (81 келі)
5.Әділет Миссин (90 келі)

Қыздар:
1.Әйгерім Төреғожина(48 келі)
2.Севара Нышанбаева(57 келі)
3.Назгүл Құбашева (63 келі)
4.Ділбар Өміралиева(63 келі)
5.Зере Бектасқызы(70 келі)
6.Альбина Амангелдиева(-78 келі)
7.Зарина Райфова(-78 келі)

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары