Бокс

Василий Ломаченко мен Хорхе Линарес өзара мықтыны анықтайды

WBO  тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченко мен WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хорхе Линарес жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Boxrec.com сайтына сілтеме жасап.

Украиналық боксшы Василий Ломаченко мен венесуэлалық Хорхе Линарес өзара мықтыны анықтайтын болады. Спортшылар 12 мамыр күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында жұдырықтасатын болады. Ломаченко шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, 10 кездесуде жеңіске жетсе, Хорхе 44 жекпе-жек өткізіп, тек 3 рет қана жеңіліске ұшыраған.

Айта кетейік, Василий Ломаченко соңғы жекпе-жегін Гильермо Ригондаға қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жеткен болатын. Ал Линарес Мерсито Гестаны төрешілер шешімі бойынша ұтқан.  

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс