Ережесіз жекпе-жек

Диас Еренғайыпов WFCA турнирінде сынға түседі

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Диас Еренғайыпов WFCA 47 турнирінде жұдырықтасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Шешенстанның Грозный қаласында аралас жекпе-жектен өтетін WFCA 47 турнирінде Диас Еренғайыпов сегізбұрышқа шығады. Отандасымыз «Ахмат» клубының спортшысы Шамиль Ирасхановқа қарсы кездесу өткізеді. Жеңіл салмақта сынға түсетін спортшылар сегізбұрышта тек бір мәрте ғана жеңіліске ұшыраған. 

Айта кетейік, Диас Еренғайыпов шаршы алаңда 8 жекпе-жек өткізіп, 7 кездесуде жеңіске жеткен.  Шамиль 5 кездесу өткізіп, 4 рет жеңіс тұғырынан көрінген. Қос қарсыластың жеңіске жеткені чемпиондық атаққа таласу мүмкіндігіне ие болады. WFCA 47 турнирі 1 сәуір күні өтеді. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек