Басқалары

Муайтай спортынан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Муайтай спортынан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты Талдықорған қаласында өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Талдықорған қаласында 22-25 наурыз аралығында муайтайдан ел чемпионаты жалауын көтереді. Еліміздің түкпір-түкпірінен сайдың тасындай іріктелген спортшылар Қазақстан чемпионы атағын сарапқа салатын болады. Жарыс жеңімпаздары алдағы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Муайтай спорты Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін. Ашхабадта өткен жабық кешенді Азия ойындарында тайбоксшылар да сайысқа түскен болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары