Ережесіз жекпе-жек

Жалғас Жұмағұлов: Жеңіске жету үшін жанымды саламын

Қазақстанық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global 86 турнирінде Тайсон Нэмге қарсы өткізетін жекпе-жегіне дайындығы жайлы Qsport.kz порталына айтып берді.

Fight Nights Global 86 турнирінің басты жекпе-жегінде сынға түсетін Жалғас дайындығы мен қарсыласы Тайсон Нэмнің (16-8-1) осал тұстарын атап өтті. Ол өз сөзінде: «Дайындық ойдағыдай жүріп жатыр. Сегізбұрышта соңғы демім таусылғанша жұдырықтасамын. Нэмнің осал тұстары көп, бірақ оның соққысы мен төзімділігін ерекше атап өту керек. Қысқасы, бұл нағыз соғыс болады», – деді Жалғас.

Айта кетейік, Fights Nights Global 86 додасы 1 сәуір күні, Алматы арена спорт кешенінде өтеді. Бұл доданың басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов пен Найсон Нэм арасында болады. Сондай-ақ бұл турнирде Ержан Естанов пен Расул Мирзаев бразилиялық джиу-джитсу бойынша жекпе-жек өткізетін болады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек