Футбол

Станимир Стоилов Венгрия және Болгарияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрмасының тізімін жариялады

Қазақстан құрамасы Венгриямен 23 наурыз күні Будапешт қаласында кездеседі. Ал 26 наурыз күні Венгрияның Фельчут қаласында Болгариямен ойнайды, – деп хабарлайды Qsport.kz парталы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Венгрия және Болгарияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының тізімін жариялады:

Қақпашылар: Александр Мокин, Ненад Эрич (екеуі де – «Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»);

Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Евгений Постников (барлығы – «Астана»), Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Станислав Лунин, Нұралы Әліп (барлығы – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де – «Астана»), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Магомед Парагульгов (барлығы – «Қайрат»);

Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Роман Муртазаев, Юрий Перцух (барлығы – «Астана»), Сергей Хижниченко, Еркебұлан Тұңғышбаев (екеуі де – «Ордабасы»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей).

Резерв:

Қорғаушылар: Дмитрий Мирошниченко, Виктор Дмитренко (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»).

Премьер-лиганың екінші турының ойындарынан кейін Ұлттық құраманың сапында өзгерістер болуы мүмкін.

Қазақстан құрамасы Венгриямен 23 наурыз күні Будапешт қаласында кездеседі. Ал 26 наурыз күні Венгрияның Фельчут қаласында Болгариямен ойнайды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Футбол