Бокс

Доентей Уайлдер: Допинг қабылдағандарды абақтыға қамау керек

WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Доентей Уайлдер допинг қабылдаған спортшыларды қатаң жазалау керек екенін айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Америкалық былғары қолғап шебері Доентей Уайлдер допинг қабылдайтын спортшыларды қатаң сынап, оларды барынша қатал жазалау керек екенін жеткізді. Ол өз сөзінде: «Мен бұл туралы талай рет пікір білдіріп, қолдамайтынымды айтқан болатынмын. Біз шаршы алаңға шыққанда өмірімізді қатерге тігеміз. Допинг қолданған спортшыларды абақтыға қамау керек. Бокстың атына кір келтірген кез келген спортшыны түрмеге тоғыту керек», – деді Уайлдер.

Айта кетейік, жақында Сауль Альварестің қанынан тыйым салынған препарат табылған болатын. Сондай-ақ Уайлдер пен Луис Ортистің алғашқы жекпе-жегінде кубалық боксшының ағзасынан тыйым салынған препарат табылған еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс