Ережесіз жекпе-жек

Хабиб Нурмагомедов: Фергюсонмен болатын жекпе-жек UFC тарихындағы ең маңызды кездесу болмақ

Хабиб Нурмагомедов алдағы Тони Фергюсонмен болатын жекпе-жегін UFC тарихындағы ең маңызды жекпе-жек болатынын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Sports.ru сайтына сілтеме жасап. 

Дағыстандық ережесіз жекпе-жек майталманы Хабиб Нурмагомедов сәуір айында Тони Фергюсенге қарсы өткізетін жекпе-жегі жайлы өз ойымен бөлісті. Ол өз сөзінде: «Жекпе-жекке небәрі 4 апта ғана қалды. Қауіпті қарсыласпен нағыз чемпионның кім екенін анықтайтын боламыз. Мұндай жекпе-жек UFC тарихында болмаған. Бұл кездесу тұжырым тарихындағы ең маңызды кездесу болмақ. Мен бұл жекпе-жекті барынша өз қадағалауымда ұстауға тырысамын. Фергюсенді адам танымастай етіп сабаймын», – деді Хабиб.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсен арасындағы кездесу 7 сәуір күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтеді. Спортшылар UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионын анықтайтын болады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек