Соңғы жаңалықтар

Арман Әшімовтің кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімовтің келесі жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жақында ғана M-1 Global тұжырымының уақытша чемпион атағын жеңіп, чемпиондық белбеу иеленген Әшімовтің келесі кездесуінің қашан өтетіні анықталды. Бұл туралы спортшы сайтымыздың тілшісіне айтып берді. Ол өз сөзінде: «Келесі жекпе-жегімді маусым айында өткізуім мүмкін. Украиналық Доскальчукпен толыққанды чемпион атағына таласамыз. Қазір қарсыласым жарақатынан емделіп жатыр», – деді Арман.

Айта кетейік, Арман Әшімов  M-1 Global тұжырымының белбеуін иеленген алғашқы қазақ. Отандасымыз әлемнің ең үздік тұжырымдарының қатарына кіретін ұйымда 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтаған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар