Ережесіз жекпе-жек

Санжар Әділов Бішкекте ережесіз жекпе-жектен өткен FFC турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Санжар Әділов Бішкекте ережесіз жекпе-жектен өткен халықаралық FFC Falco Fighting Championship турнирінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ережесіз жекпе-жектен Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен FFC турнирінде сынға түскен Санжар Әділов қырғызстандық спортшыға қарсы жекпе-жек өткізді. Отандасымыз қарсыласын қылқындыру әдісімен тізе бүктіріп, сегізбұрыштағы екінші жеңісін тойлады.

Айта кетейік, Санжар Әділов  UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің қол астында жаттығады. Сондай-ақ бұл додада сынға түскен Мирас Мұхамеджанов пен Алтынбек Думанұлы да қарсыластарын қапы қалдырды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек