Басқалары

Юлия Путинцева Индиан-Уэлсс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэлсс турнирінің үшінші айналымына өте алмады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АҚШ елінде өтіп жатқан Индиан-Уэлсс турнирінде сынға түскен Юлия Путинцева жарыстың үшінші кезеңіне шыға алмады. Отандасымыз алғашқы айналымда бельгиялық спортшы Элисон Ван Эйтванкты үш кезеңде жеңіп, екінші айналымға жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, екінші айналымда Юлия Чехия елінің өкілі Петра Квитованың осал тұсын таба алмай, үш кезең қорытындысы бойынша жеңіске ұшырады.

Айта кетейік, АҚШ елінде өтіп жатқан Индиан-Уэлсс турниріне 96 спортшы қатысып, 8 648 508 АҚШ долларын сарапқа салып жатыр. Бұл додада Зарина Дияс та бағын сынап, алғашқы айналымда Серена Уильямсқа есе жіберіп алған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары