Басқалары

Дәулет Ниязбеков әлемдегі үздік балуандардың көшін бастап тұр

Еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанған Дәулет Ниязбеков Халықаралық күрес ұйымының жаңартылған рейтингінде ең үздік балуандардың көшін бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жақында ғана Бішкекте өткен Азия чемпионатында қарсыластарын қоғадай жапырып, Азияның үш дүркін чемпионы атанған Дәулет әлемдік рейтингте де үздіктер қатарының көшін бастады. 65 келіге жаңадан ауысқан отандасымыз 26 ұпай жинап, әлемдік рейтингте 1-орынға жайғасты. Отанасымызға Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында есе жіберген жапондық Такатани екінші орынға жайғасса, өзбек балуаны Темуржог Усмонохунов үздік үштікке табан тіреген.

Айта кетейік, еркін күрес шеберлерінен жаңартылған рейтингте Жандос Исмаилов 57 келіде 4-орында, Нұрислам Сана 61 келіде 2-орында, Данияр Қайсанов 74 келіде 5-орында және Әділет Дауланбаев 92 келі салмақта 3-орында тұр. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары