Басқалары

Ғұсман Қырғызбаев Мароккода өткен Гран-при турнирінің жеңімпазы

Ғұсман Қырғызбаев Мароккода өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Мароккода өтіп жатқан байрақты бәсекеде отандасымыз 60 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, алтыннан алқа тақты. Алғашқы айналымнан бос өткен отандасымыз екіші кезеңде словениялық Дэвид Старкелдің мысын басты. Ғұсман ширек финалда марокколық Джэви Мохаммедтен айласын асырып, жартылай финалда татами иесі Ясин Моудатирдің жолын бөгеді.  Финалда түрік балуаны Озлу Бекирге вазари әдісін жасап, жарыс жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Мароккода өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі жүлдеге ие болды. Қырғызбаевтан бөлек, Ерлан Серікжанов 66 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары