Басқалары

Зарина Дияс Индиан-Уэлсс турнирінің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэлсс турнирінің алғашқы айналымынан өте алмады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АҚШ елінде өтіп жатқан Индиан-Уэлсс турнирінде сынға түскен Зарина Дияс алғашқы айналымда сүрінді. Отандасымыз әлемнің ең үздік теннисшісі болған Серена Уильямспен кездесіп, екі кезең бойынша жеңіліске ұшырады. Алғашқы кезеңде әжептеуір тегеуірін көрсеткен Зарина тәжірибелі Уильямстің қарқынына төтеп бере алмады.

Айта кетейік, Зарина Дияс әлемдік рейтингте 54-орында тұр. Отандасымыз соңғы рет Тайбэйде өткен турнирге қатысып, екінші айналымда сүрінген болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары