Ережесіз жекпе-жек

Арман Оспановтың кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Арман «Сұңқар» Оспановтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ережесіз жекпе-жектен еліміздегі ең үздік спортшылардың бірі — Арман «Сұңқар» Оспанов АСВ 86 турнирінде сынға түседі. Отандасымыз ресейлік спортшы Акоп Степанянға қарсы жекпе-жек өткізеді. Акоп сегізбұрышта 26 кездесу өткізіп, 19 рет жеңіске жеткен. АСВ 86 турнирі Мәскеу қаласындағы Олимпийский спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, АСВ 86 турнирінде тағы бір қазақстандық спортшы Асылжан Бақытжанұлы да сынға түседі. Оспанов АСВ тұжырымында соңғы кездесуін Алексей Полпудниковке қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліске ұшыраған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек